Қор қызметкерлерін жұмысқа қабылдауды, басқа жұмысқа ауыстыруды және жұмыстан босатуды жүзеге асырады, оларға көтермелеу шараларын, тәртіптік жазаларды қолданады, Қор қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді, Қордың штат кестесіне сәйкес Қор қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларының мөлшерін белгілейді және Басқарма мүшелері мен Тексерушіні қоспағанда, Қор қызметкерлерінің сыйлықақы мөлшерлерін айқындайды;
Өзі болмаған жағдайда өз міндеттерінің орындалуын Басқарма Төрағасы орынбасарларының біріне жүктейді;
Басқарма мүшелері арасында міндеттерді, сондай-ақ өкілеттіктер аясын және жауапкершілікті бөледі;
Осы Жарғымен және Қордың басқа органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне Қордың ішкі құжаттарымен қарастырылмаған ішкі құжаттарды бекітеді;
Өз құзыреті шегінде Қордың жарғылық мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес Қор қаражатының пайдаланылуы үшін жеке жауап береді;
Осы Жарғыда, Құрылтайшының және Қамқоршылық кеңестің шешімдерінде белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Магистр, MBA, EMBA дәрежесінің немесе жоғары оқу орнынан кейінгі өзге де білім дәрежесінің болуы артықшылық болып табылады.
Коммерциялық емес ұйымдарда, қорларда және/немесе білім беру саласындағы ұйымдарда жұмыс тәжірибесінің болуы артықшылық болып табылады.
Жоғары деңгейдегі коммуникациялық және келіссөздер жүргізу дағдылары;
Қазақ, ағылшын және орыс тілдерін еркін меңгеру міндетті.
Recruitment and selection at Nazarbayev University include preliminary selection based on experience and qualifications, followed by assessments and formal interviews. Formal interviews are typically based on organizational values and behaviors and conducted in English.
NU Impact Foundation өзінің нысаналы топтарына әлеуметтік инновацияны қолдау, қаржылық, ақпараттық, əкімшілік жəне ұйымдастырушылық көмек көрсету мақсатында құрылған коммерциялық емес ұйым болып табылады.
Қордың мақсаты – қазақстандық қоғамды білім беру, ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық, əлеуметтік, мәдени, қайырымдылық, инновациялық және басқа да қоғамға пайдалы салаларда дамыту.
Қордың нысаналы аудиториялары – студенттер, Назарбаев Университетінің жəне оның ұйымдарының қызметкерлері, коммерциялық емес ұйымдар мен жалпы қоғам.
Nazarbayev University · NU Impact Foundation
University Health Network · Center for Mental Health